Облыс орталығындағы “Достық” үйінде ұлттымыздың салт-ғұрпын дәріптейтін орталық ашылды. Мұнда өзге этнос өкілдері қазақтың дәстүрінен хабар ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
Арнайы көрнекі құралдармен толықтай жабдықталған орталық қазақ халқының сан ғасырдан келе жатқан ұлттық дәстүрін дәріптейді. Мұнда бұрыннан келе жатқан байтақ салтымызды салмақтап, тұрмыс-тіршілігіміз таныстырылады. Ең маңыздысы түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, әсіресе шетелдіктер мен жасөспірімдерге ұлттық дәстүрлеріміз насихатталады.
Биыл халық ассамблясының құрылғанына отыз жыл толып отыр. Осы атаулы кезең аясында ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін орталық ашуды құп көрдік. Бағзыдан келе жатқан байтақ мәдениетіміз ұлт үшін үлкен қазына. Осы отыз жылдыққа байланысты жетпістен аса шара өткіземіз. Соның бәрі осы орталықтанқазақ мәдениетін салт-дәстүрін таныстыру арқылы жүзеге асады. Өзге этнос өкілдері қазақтың тарихын білгені жөн, - дейді «Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығы» ҚБ Төрағасының орынбасарыАбылай Қожақов.
Аталған ориалықта көшпелі көрме өткізуде көзделген. Қоғамдық бірлестік өкілдері аудан-аудандарды аралап, ұлттың мәлени өмірінен хабар береді. Сол арқылы Қазақстан халқы ассамблеясына қарасты 20-дан аса этномәдени бірлестікпен бірлесе жұмыс істеп, ел бірлігін нығайту мен ынтымақтастықты арттыруға үлес қоспақ.
Қазақ халқының мәдени өмірі таныс, себебі міне 40 жылдан бері ауылдағы ағайының тойына барып бәрін ұғындық. Тойда түрлі ғұрыптар береді. Тұсаукесу, сүндет той, сырғв салу бәрі-бәрі маған ыстық мерекелер, - дейді корей халқыны өкілі Анатолий Цой.
Жалпы осындай орталық өңірде бұған дейін де болған, дегенмен облыс бөлінгеннен кейін қайта жасақталып, іске қосылды..