Жетісуда бюжеттен 74 млн теңге жымқырып қойғандар сотталды

17 Қазан 2024, 10:48
318
Бөлісу:
Жетісуда бюжеттен 74 млн теңге жымқырып қойғандар сотталды
Фото: Нұркен Алишев -архив

Жетісу облысында Сарқан ауданының ТКШ бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры бюджет ақшасын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.

Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті.

Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы