Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Жетісу облысында бюджеттік ұйымдар үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді.
«Жетісу Энерготрейд» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері) ӘМАТ тауарларын өндіруге пайдаланатын заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағ. ҚҚС-ті қоспағанда 31,28 теңгеден 31,17 теңгеге дейін яғни 0,34%-ға және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін тарифті 1 кВт/сағ. ҚҚС-ті қоспағанда 75,84 теңгеден 64,95 теңгеге дейін яғни 14,37%-ға төмендету туралы хабарлама берді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 маусымынан бастап «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-ның қызметтеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жіберілетін тарифтерін төмендеткен болатын.
Бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілгенін еске сала кетейік.
Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Жетісу Энерготрейд» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.
Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Жетісу облысының заңды тұлғаларының «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.