Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, анасы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға 8 тамыз күні Mercedes Benz көлігінің қатысуымен Көксу ауданында тіркелді.
Неміс шетелдік көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Ол "Алматы-Өскемен" тас жолының 235-шақырымында көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып қалған. Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.