Жетісуда балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып жіберген видеосы желіде тарады

16 Мамыр 2024, 06:50
454
Бөлісу:
Жетісуда балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып жіберген видеосы желіде тарады
Фото: baq.kz

Жетісуда балабақша тәрбиешісінің балаларды шапалақпен ұрып, қылғындырғаны камераға түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балаларына қорлық көрсеткенінін бейнежазбадан көрген кейбір ата-аналар оқиға орнында талып қалған, – деп жазды Ulysmedia.kz.

Оқиға Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ ата-ананы байқауға болады. Олар балабақшадағы бейнебақылау камерасының жазбасынан өз перзенттерін аяусыз ұрып-соққанын жүрегі езіле көріп отыр.

 Тып-тыныш отырған баламды салып қалды, - дейді аналардың біреуі.

Бұл жайт полицияның назарына ілігіпті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс полиция департаментінің бақылауында, - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.

Ал ата-аналар баламызды бұл бақшада қалдырмаймыз деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы