Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісуда алқабилер жүргізушіге қатысты айыптау үкімін шығарды

11 Қазан 2025, 22:26
629
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы жол-көлік оқиғасына кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, «Volvo FH-Truck» автокөлігінің жүргізушісі «Алматы – Өскемен» тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан.

Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы