Өкінішке қарай, облыста ажырасқан отбасылар саны көп. Ал алимент төлемей жүрген жүздеген әке бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң талабы бәріне бірдей. Бүгінде облыс прокуратурасы алименттен қашып жүрген әкелердің атынан заң аясында қылмыстық қудалау жүргізуге құқылы. Аталған орган кейбір борышкерлер әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып, мәселеге салғырт қарап отырғанын айтады. Өз балаларына алимент төлеуден қашып жүргендердің қарасы көп.
Мәселен, 6 борышкердің 4 жылға жуық уақыт шеңберінде алимент төлеуден жалтарып жүрген. Бүгінде олардың қарыздары 20 млн-нан асады. Соған орай прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша балаларды және басқа да еңбекке жарамсыз деп танылған отбасы мүшелерін асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қатаң шалалар қолдануға мәжбүр. Әкелер ажырасқан соң өз міндетін ұмытып, бала-шағасына қаржы беруден бас тартады. Кейбірі бұл әрекетке саналы түрде барады,- дейді облыстың бас прокуроры Мадияр Басшыбаев
Айта кетейік, қаңтар айынан бері облыс прокурорлары 40-қа тарта балаға сот шешімімен 50 млн теңгеден астам ақша өңдіріп берген. Олардың бәрі заң аясында қарызын төлеуі міндетті.
Отбасы болған соң түрлі кикілжіңдер болып тұрады. Оған баланың қатысы жоқ. Оның болашағы үшін алимент беруге міндеттісің. Алайда кейбір отбасылар 4-5 баласымен екіге айырылып жатады. Олардың бәріне алимент төлеу әкеге ауыр. Бірақ заңның аясында міндетті сомманы беруге мәжбүрсің. Біз де әйеліміз екеуіміз екіге кеттік. Дегенмен қызымы барынша көмек беріп отырамын. Айлығымның төрттен бір бөлігін ұстап қалады. Өз балама беріп жатқан қаржым болған соң, оны аяп қалмаймын ғой,- дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Жарас Балтабеков.