Жетісуда әлеуметтік сауда орындары көбейді

Кеше, 20:24
156
Бөлісу:
Жетісуда әлеуметтік сауда орындары көбейді
Фото: автордан

Талдықорғанда әлеуметтік сауда орталықтарының саны 12-ге жеткізілмек. Бүгінде 5 сауда нүктесі ашылып, оның 2-еуі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, қалада 7 стационарлық әлеуметтік нүкте, оның ішінде 5-еуі әлеуметтік дүкен ретінде тіркелген. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін тағы 5 көшеге сауда нысандары қосылып жатыр. Бұл бғаны тұрақтандырудың бір тәсілі ретінде қарастырылып отырғандай. Себебі арзан азық-түліктердің дені сол сауда орындарынан табылады.

Әлеуметтік сауда дүкендерінің санының артып жатқаны халыққа пайдалы. Себебі, сауда орындары неғұрлым көп болса, баға да соғұрлым тұрақтанады. Айлықпен ғана күн көріп жүрген қарапайым халыққа азық-түлікті үлкен сауда орталықтарынан алғаннан гөрі, осындай шағын әлеуметтік сауда нүктелерінен алған әлдеқайда тиімдірек. Нарықтағы басқа дүкендермен салыстырғанда осындай дүкендерге қарапайым халық ағылып келеді. Сондықтан оның көбейгені маңызды, -дейді қала тұрғыны Жұмабек Сәрсенұлы.

Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр бұл бағытқа 9 млрд қаржы бөлінген. Аталған қаражатқа 31,2 мың тонна өнім жетізу туралы келісімшартқа қол қойылған. Сатылған өнім бүгінде 12,6 мың тоннаны құрайды. Қорда 18 мың тоннадан астам азық-түлік өнімі бар. Бағаны тұрақтандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда картоп бағасының көтерілуіне байланысты, тұрақтандыру қорынан интервенция жүруде. Картоп бағасы 180 теңгеден аспайды. Жетісу облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша, сауда орындарын жедел көбейту шаралары қолға алынуда, алмағы 2 айда сауда нүктелері тұрақты жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз, - дейді “Жетісу” ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Альмира Ибраимова.

Өзгелердің жаңалығы