Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісуда 50 жылдан кейін алғаш рет Тентек өзеніндегі су торабы жөнделеді

13 Маусым 2025, 20:05
484
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Жетісу облысында соңғы 50 жылда алғаш рет Тентек өзеніндегі су тарту торабын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған соң, құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Су торабын реконструкциялау нысанның тиімділігін арттырып, су шығынын азайтуға әрі 31 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабын тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы