Жетісуда 3382 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған

Бүгiн, 16:23
138
Бөлісу:
Жетісуда 3382 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған
Фото: ІІМ

Бүгінде облыста 8 мыңға тарта шетел азаматы уақытша тұруға рұқсатнама алған. Оның жартысынан көбі көші-қон заңнамасын бұзғандар қатарында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісуда жалдамалы жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары бар. Олар уақытында көші-қон заңнамасы аясында реттелетін құжаттарға мөр бастырмайды. Құжатта көрсетілген мерзімді ескермей, айыппұл арқалап жүр. Осы ретте полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон үдерісін бақылау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп тұрады. Соның аясында соңғы алты айда 4 мыңға жуық көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өңір кішкентай болғанымен көрші мемлекеттерден келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар жетерлік. Біз оларды арнайы бақылауда ұстауға тырысамыз. Мәселен, жыл басынан бері 3382 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды. Олардың 2024-і Қазақстан Республикасының азаматы саналады, ал қалғаны шетелдіктер болып отыр. Екі елдің азаматтығы бар тұлғалар да бар, - дейді өңірлік полиция департаментінің КҚҚБ бастығының м.а. Айдар Атимов.

Жүргізілген іс-шаралар аясында соттың көмегімен 40-тан астам шетелдікті ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ екі бірдей қылмыстық іс орын алған. Оның біреуі – мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдікке қатысты болып отыр. Екіншісі – заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін жергілікті азамат ұсталды.

Қазір заң бәріне ортақ, біздің елге келіп жұмыс істеп жүрген жалдамалы жұмысшылардың дені шетел азаматтары. Олар көші-қон заңнамасын жиі бұзады. Елге қыдырып не жұмыс іздеп, тіпті сапарлап келген азаматтар мемлекет заңын құрметтеуге міндетті,- дейді А.Атимов.

Өзгелердің жаңалығы