Жетісуда 30 мың адам пәтерсіз жүр

10 Қыркүйек 2024, 10:54
314
Бөлісу:
Жетісуда 30 мың адам пәтерсіз жүр
Фото: автордан

Өңірде тұрғын үй кезегінде тұрғандар жыл санап артып келеді. Биыл 4 мыңға жуық отбасы баспаланы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талай жылдан бері пәтерде тұрғын ағайынның тілегі баспаналы болу. Қазір өңірде электронды түрде үй кезегіне тұра аласыз. Биыл 3487 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мәселен жыл басынан бері 1068 отбасына тұрғын үй берілгеекен.

Биыл мыңдаған отбасы қоныс тойын тайлап үлгерді. Мысалы көпбалалы – 135 отбасы, ХӘОТ – 162 отбасы және 38 жетім балалар баспаналы болды. Оның басым бөлігі аудандарда берілді. Атап айтсақ, Ақсуда – 10, Алакөлде – 60, Көксуда – 60, Қараталда – 10, Кербұлақта – 9, Панфиловта – 280, Текеліде – 67, Талдықорғанда – 572 пәтер берілді. Өткен жылы 2562 отбасы үй сатып алған еді. Сондай-ақ 94 азаматқа 133,1 млн теңге сомасына тұрғын үй сертификаттары берілген, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

Оның айтуынша, былтыр жалға берілетін тұрғын үй – 656 болса, кредиттік үй – 817, демеуші есебінен – 565 болған. Ал азаматтарды авариялық КТК – дан көшіруде 137 отбасы тіркелген. Ең ғажабы «Жетісу Жастары» бағдарламасы аясында – 31 отбасы қонысын тапқан.

7 жылдан бері үй кезегінде тұрмын. Жайлап жоғары жылжып келе жатырмыз. Пәтер жалдап тұрып жатқаныма 10 жылдан асты. Қазір үй алу өте қиын. Үкімет берген пәтерді басына аударып бермейді. Жалға немесе кредиттік етіп үлестіреді. Мәселен, қасымдағы көпбалалы ата-аналар демеушілер салған үйде келісімшартпен тұрып жатыр. Соған қарсы. Талдықорғанда пәтерсіз жүрген отбасылар өте көп, - дейді қала тұрғыны, көпбалалы ана Айгұл Таңжарыққызы.

Айта кетейік, биыл тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға бюджеттен 443 млн теңге қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы