Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында тағы 105 отбасы қоныстой қуанышына кенелді. Талдықорған және Жаркент қалаларында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Талдықорғанда көп балалы 25 отбасына "Береке" коттедж қалашығындағы үйлердің кілттері тапсырылды.
Бұл менің отбасым үшін Жаңа жылға үлкен сый болды. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан астам тұрдым. Осы сәтті ұзақ күттік. Біздің отбасымызды қуанышқа кенелткен азаматтардың бәріне шын жүректен алғыс айтамын, - деді жаңа қоныстанушылардың бірі 7 баланың анасы Гүлнұр Нұрымбетоваү
Жалпы Талдықорған қаласында кезекте тұрғандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілуде. Жыл басынан бері қалада 1283 пәтер берілді. Олар – негізінен жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлер. Алдағы 2025 жылы кезекте тұрғандар тағы 1448 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Ал Панфилов ауданының Жаркент қаласында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлерді әлеуметтік осал топ санатымен кезекте тұрғандар, жетім балалар, көп балалы отбасылар және басқа да санаттағы азаматтар алды.
Атап өтсек, жыл басынан бері Панфилов ауданында кезекте тұрған 700-ге жуық адам баспаналы болды.