Жетісуда 1 млн жуық бас төл алу жоспарланып отыр

18 Сәуір 2024, 21:09
427
Бөлісу:
Жетісуда 1 млн жуық бас төл алу жоспарланып отыр
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Жетісу облысында бүгінге дейін алынған төлдің саны 500 мың бастан асты. Сақман науқаны әлі де жалғасуда,деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде облыста жалпы саны 506,7 мың бас төл алынды, соның 103,0 мың басы - бұзау, 378,4 мың мың басы - қозы-лақ, 25,3 мың басы - құлын, 115 басы - бота.

Атап өтсек, биылғы жоспарға сай облыс көлемінде 937,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларының төлін алу көзделген. Соның ішінде бұзау 171, 2 мың бас, қозы-лақ саны 700,1 мың бас, құлын 44, 8 мың бас, бота 389 бас болады деп күтілуде.

Жалпы мал төлдету науқаны жоспаға сай өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы