Жетісу тұрғынынан 100 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді

27 Мамыр 2023, 22:20
1248
Бөлісу:
Жетісу  тұрғынынан 100 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 100 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында “Нерест”профилактикалық іс-шарасының барысында ұсталды. 

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келтірілген шығын 400 мың теңгеге жуық, - деді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы