Жетісуда ауа райы күрт жылынып кетуі мүмкін. Халық алаңдап отыр. Осы мақсатта құтқарушылар “Көктем 2025” командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесін нығайту әрі көктемгі су тасқынына қарсы іс-қимыл әрекеттерін пысықтау. Оған басты себеп – су басу қаупі бар елді мекендердің үрейін басу болып отыр. Қазір департамент белсене жұмыс істеуде.
Көктемге қарқынды дайындық негізінде су тасқыны мен басқа табиғи апаттарға жүйелі төтеп беру маңызды. Оның үстіне бұл жаттығулар халықты әрі аумақтарды қорғау үшін бізге сенімділік береді. Бүгінде Қазақстан Республикасында “Көктем 2025” атты республикалық ұжымдық даярлық жаттығулары өз жұмысын бастады. Төтенше жағдайларға төтеп беру мақсатында қолға алынып отыр. Қаратал ауданы оқу-жаттығудың орталығы болып бегітілді. Ал басты жұмыстар Тастөбе ауылының нысанында жүзеге асып жатыр, - дейді Төтенше жағдай департаментінің маманы Мақсат Толамбеков.
Қазір аталған департаменттің дайындығын облыс әкімі жіті назарда ұстап отыр. Мәселен, оқу-жаттығу жиынына мыңға жуық маман қатысқан. Одан бөлек 300-ге тарта техниканың тиімділігі анықталды.
Былтырғы оқиға қайталанбас үшін мамандардың сақ болғаны абзал. Бүгінде оқу-жаттығу жиынына 911 адам, бас-аяғы 279 техника және 1 әуе көлігі (тікұшақ) жұмылдырылды. Бұл шара 2-3 күнге созылады. Жаңалау жұмыстары 8 км-ді құрайды, - дейді Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков.
Айта кетейік, Қаратал өзенінің жағалауларын тұрақтандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бекіту жұмыстарына Қаратал ауданының азаматтық қорғаныс қызметтері мен ТЖ департаментінің арнайы құрамы және инженерлік техникасы тартылған. Бұл жұмыс көктемге дейін жалғасады.