Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 137-бабы), деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокурорлар анықтағандай 120 га жер жекелеген шаруа қожалықтарына конкурссыз берілген (ҚР Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзу).
Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды.
Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды.
Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай, сондай-ақ жер заңнамасын бұза отырып берілген.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.