Жетісу полициялары жылдамдықты дронмен тексереді

5 Сәуір 2025, 14:41
405
Бөлісу:
Жетісу полициялары жылдамдықты дронмен тексереді
Фото: автордан

Өңірде жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында облыстық полиция департаментінің мамандары арнайы бақылау дронын пайдалана бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысында бақылау камералары көбейгенімен, жылдамтықты шектен тыс асыра жүретін жүргізушілер саны азаймай тұр. Облыс аумағында 1600-ден астам жағдайда жылдамдық шектемесін бұзу тіркелсе, 2900 рет көлік жүргізу тәртібінің талаптары сақталмаған. 1300-ден аса жүргізуші көлік тізгіндеу кезінде ұялы телефон пайдаланған. 3700-ге жуық жағдай жаяу жүргіншілердің жол ережелерін елемеуінен туындаған. 142 адам көлік жүргізу кезінде мас күйінде ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жол апатының алдын алу – басты міндет. Жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан 29 адам қаза тауып, 314 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған. 763 тұлғаға қорғау нұсқамасы беріліп, 128 азаматқа арнайы шектеулер қойылған. 86 адамға ішімдік ішуге тыйым салынды. Құқық қорғау органдары құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет етуде. Олардың айтуынша, азаматтардың заң тұрғысынан сауаттылығын арттыру арқылы қылмыстың алдын алуға болады, - дейді облыстық ПД жерлігікті полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов.

Дрон бақылау желісінің маңыздылығы алыста келе жатқан көліктің жылдамдығын анықтау. Жолбелгіні ескермей жылдамдықты шамадан тыс асырып, көрсетілген тәртіпке бағынбаған көлік иесі тоқтатылады. Оған арнайы ескерту жасалып, айыппұл да салынады.

Жолбелгіде көрсетілген жылдамдықты әрбір жүргізуші ескеруі шарт. Сонда, апат болмайды. Көбі тез жетемін деп оқыс оқиғаға тап болады, - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Еділ Айшықбаев.

Өзгелердің жаңалығы