Жетісу өңірі жолдарда «Крис-П» фоторадарларын пайдалана бастады

22 Сәуір 2023, 02:41
1198
Бөлісу:

Полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыру мақсатында "Крис-П" фоторадар жылжымалы кешендерін (үш дана көлемінде) пайдалана бастады. Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Патрульдік полиция қызметкерлері фоторадарлармен тіркелген бұзушылықтарды ресімдемейді. "Крис-П" деректері ҚР Бас прокуратурасының ӘІБТ базасын (әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі) автоматты түрде толықтырады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін мүлтіксіз сақтауға және бірінші кезекте жылдамдық режимін шектен тыс асырмауды ескертеді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 1 тоқсанында өңірдің автожолдарында 89 ЖКО тіркелді, онда 23 адам қаза тауып, 134 адам түрлі жарақат алды.

Өзгелердің жаңалығы