Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысындағы кейбір ауыл ауыз суға жарымай отыр

Әсел ӘБІЛБЕК
13 Маусым 2023, 13:55
1019
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Облысқа қарасты Күреңбел ауданында таза ауыз су жоқ. Бұл тек осы ауданда ғана емес Текелідегі тұрғындардың да негізгі мәселесі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында осы мәселені көтерді.

Таза ауыз су мәселесіне байланысты сұраққа облыс әкімі жауап берді.

Күреңбелде жердің астындағы құдықты қазған кезінде артезиан болған. Кейін түрлі себептерге байланысты төмен түсіп кеткен. Қазір геодезистер жұмыс істеп жатыр. Жаңа судың қорын қайта табамыз. Ақшасы дайын. Келесі жылға дейін дайын болады. 2023-2024 жылы Сарыөзектегі су, газ мәселесін шешеміз. 10-15 жылға созылған проблеманы екі жылда шешеміз, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Өзгелердің жаңалығы