Жетісу облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 8 Ақпан 2025 2025, 19:30
8 Ақпан 2025 2025, 19:30
660

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, оқиға 8 ақпан күні болған. Audi көлігінің жүргізушісі басқаруды жоғалтып, ағашқа соғылған. Соның салдарынан:

  • Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты;
  • Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда жол апатының себептері анықталуда. Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Наверх