Көксу ауданында Ауди-100 ГАЗ САЗ жүк көлігімен соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында 4 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының маңындағы Балпық-би - Мәмбет тас жолында жол апаты орын алды.
Оқиға орнынан 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үшін үйлеріне босатылды. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар, - деді Жетісу облысы ПД.
Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды.