Жетісу облысы Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылында жантүршігерлік жол апаты болып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, МТЗ-80 тракторы Volkswagen Passat жеңіл көлігімен соқтығысқан.
Инерция салдарынан артынша үшінші көлік келіп соқтығысқан. Жол апатының салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды полиция.