Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуінің орналасқан жерін анықтады. Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматы қаласында табылды.
Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, өз үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді. Хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр.
Кәмелетке толмағандарды іздестіруді облыстық полиция департаменті мен Қаратал аудандық полициясының жедел қызметкерлері жалғастырып жатыр.