Жетісу облысында жоғалған малшы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Кеше түстен кейін атқа мінген ер адам шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, қайтып оралмады. Бүгін кешке туыстары көмек сұрап құтқарушыларға жүгінді.
ТЖМ құтқарушылары көмекке асығып, Лепсі ауылынан 10 шақырым жерде 1987 жылы туған ер адамды тауып алды. Ер адамның екі аяғының саусақтары үсіп қалған, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар оны Лепсі ауылдық ауруханасына жеткізді.
Оқи отырыңыз: