Жетісу облысында заңсыз 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды

Жетісу облысында заңсыз 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды. Күдікті Талдықорған-Текелі тас жолында қолға түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 inform.kz 25 Сәуір 2023 2023, 08:05
25 Сәуір 2023 2023, 08:05
1052
Фото: inform.kz

Жетісу облысында заңсыз 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды. Күдікті Талдықорған-Текелі тас жолында қолға түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүк көлігіне жайын, ақтабан, мөңке, сазан сияқты балық түрлері тиелген. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша шығын көлемі 1 млн теңге.

Наверх