Жетісу облысында заңнаманы бұзған 124 лауазымды тұлға жазаланды

29 Қаңтар 2024, 14:49
578
Бөлісу:
Жетісу облысында заңнаманы бұзған 124 лауазымды тұлға жазаланды
Фото: BAQ.KZ -архив

Жетісу облысында ветеринария саласында заңнаманы бұзған 100-ден астам лауазымды тұлғалар жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетісу облысының табиғатты қорғау прокурорлары ветеринария туралы заңнаманы сақтау саласындағы уәкілетті органдардың қызметінде өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Облыс бойынша ветеринарияның лауазымды тұлғалары жануарларды вакцинациялау кезінде 33 мың заң бұзушылыққа, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатудың 526 фактісіне жол берген.

Облыс аумағында «Сібір жарасы» ошақтарының иесіз 33 жерленген жері анықталды, онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген.

Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды. Мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелді, - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы