Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 26 адамды құтқарды

Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жаланашкөл учаскелерінің аралығында ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 26 жүк көліктері қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 18 Желтоқсан 2024 2024, 08:45
18 Желтоқсан 2024 2024, 08:45
510
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жаланашкөл учаскелерінің аралығында ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 26 жүк көліктері қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар жол талғамайтын Трэкол және Вазтовка автокөлігімен Көктума ауылына 26 жүргізушілерді жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз! – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Наверх