Жетісу облысында шомылу маусымы аяқталды

6 Қыркүйек 2024, 18:29
315
Бөлісу:
Жетісу облысында шомылу маусымы аяқталды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Биылғы шомылу маусымында құтқарушылардың жұмысының арқасында 33 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда суға батқандар саны азайды.

Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлығы 39 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылғы шомылу маусымы аяқталғанымен, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, өйткені алда аң аулау және балық аулау маусымы күтіп тұр.

Осыған байланысты Жетісу облысының құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмау керектігін ескертеді, себебі бұл Сіздің өміріңізге шығын әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы