Жетісу облысында Қаратал тарихи-өлкетану музейі ашылды

25 Қазан 2023, 01:37
906
Бөлісу:
Жетісу облысында Қаратал тарихи-өлкетану музейі ашылды
Фото: скрин

Жетісу облысының Қаратал ауданында тарихи-өлкетану музейі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдің арғы-бергі тарихынан сыр шертетін рухани шаңырақ аудан орталығы Үштөбе қаласында орналқан. Музей құрылысына облыс бюджетінен 900 млн теңге қаржы бөлінді. Қаратал тарихи-өлкетану музейі тоғыз бөлімнен тұрады. Бірінші қабатта көрермен өңірдің табиғаты, флорасы мен фаунасы жайлы ауқымды мағлұмат ала алады. Ал екінші қабатта ежелгі заманнан бастап, ауданның қазіргі кезеңінен, абыз да аңыз болған перзенттері туралы сыр шертетін бөлімдер бар. Әзірге 360-тан астам жәдігер жинақталған.

Ең құнды экспонаттардың бірі сол уақыттардағы Тілеуқұл батырдың өзінің киген шапаны және де қолына таққан сақинасы. Сақинаның бетінде арабша әріптер бар. Бұл сол уақыттарда мөрдің қызметін атқарған бірден бір сақина, - дейді экскурсия бөлімінің меңгерушісі Айгүл Нұрланқызы.

Жаңа музей алдағы уақытта басқа да жәдігерлермен толығып отыратын болады. Жалпы Жетісу жеріндегі мұндай тарихи-өлкетану шаңырақтар саны 13-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы