Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды

Бүгiн, 02:34
155
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Жетісу облысы Алакөл ауданында Көктұма станциясынан шамамен 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Көлікте 4 ересек адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге – Көктұма ауылына эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ қолайсыз ауа райында жолға шықпауға, сапар алдында ауа райы мен жол жағдайын тексеруге және байланыс құралдарын дайындап жүруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы