Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Кеше, 21:12
214
Бөлісу:
Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты
PHOTO
Фото: Жетісу облысының әкімдігі\Жеңіс Ысқабай

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді.

Мерекелік шара флешмоб биімен басталды. Мұнан соң экранда ел Президентінің фотосы мен балаларды Жаңа жылмен құттықтауы көрсетілді.

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Балаларға құттықтау тілегін жеткізген облыс әкімі:

Жаңа жыл көңілге қуаныш, жүрекке үміт сыйлайтын, игі арман-тілектер еселенетін мереке. Сондықтан әрқашан армандарың асқақ, алар асуларың биік болсын дегім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өздеріңді ыстық ықыласпен құттықтап, жақсы тілегін білдіруде. Мен өз замандастарының ішінде мол білімімен, жарқын өнерімен алда жүретін жетісулық бүлдіршіндердің болашақта ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өсетіндігіне сенімім мол, - деді ол.

Бұдан әрі шырша шамы жағылып, облыс әкімі балалармен бірге шыршаны айналып, қуаныштарын бөлісті. Балаларға Президенттің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар, атап айтқанда планшет, рюкзак, жаңа жылдық тәттілер, құттықтау хатын тапсырды.

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Түрлі өнер ұжымдары, аниматорлар, колундар, ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері мерекелік қойылымдарын көрсетті. Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәтті дәмдер ұсынылды.

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Бүгінгі мерекеге келген балалар тамаша көңіл күйде пікір білдірді.

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Мен көп балалы отбасынан шыққан оқу озатымын. Үйде 8 қызбыз, бәріміз бір-бірімізбен татумыз. Бүгінгі Президенттің жаңа жыл мерекесі өте көңілді өтіп жатыр. Барша достарымды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, - деді Панфилов ауданы Басқұншы ауылындағы мектептің оқушысы Айша Алжанбек.

«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Людмила Ким:

Бүгінгі мереке маған өте ұнады. Көпшіліктің алдына шығып, тілегімді айттым. Бізге Жаңа жылға планшет сыйға тартты. Шырша тойы бізге көтеріңкі көңіл күй сыйлады, - деді ол.

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Сәкен Әбілмансұр, Талдықорған қаласының № 16 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы:

Мен «Алтын сақа», «Ақбота», «Кенгуру» олимпиадаларының жеңімпазымын. Бүгінгі мерекеге қуана-қуана келдім. Аяз Атамен, Ақшақармен, түрлі ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, билеп, ойын ойнап, Жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен тойладық, - деді.

Өзгелердің жаңалығы