Жетісу облысында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша жинап, оны қайтармаған

Көксу ауданындағы Қызылтоған ауылында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша алып, оны қайтармаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 8 Қаңтар 2026, 15:57
8 Қаңтар 2026, 15:57
907
Фото: - архив

Көксу ауданындағы Қызылтоған ауылында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша алып, оны қайтармаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Директордың қарызға ақша алғаны және оны қайтармағаны жөнінде полицияға 9 мұғалім ресми түрде арыз жазған. 

Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 9 миллион теңге деп бағаланады.

Зардап шеккендердің нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін.

2026 жылғы 5 қаңтарға білім беру бөлімінің бұйрығымен мектеп директоры қызметінен уақытша шеттетілген.

Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.

Наверх