Жетісу облысында медициналық қалдықтар ауыл маңына төгілген

5 Желтоқсан 2023, 08:45
535
Бөлісу:
Жетісу облысында медициналық қалдықтар ауыл маңына төгілген

Жетісу облысында медициналық қалдықтарды жою талабы бұзылған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Бұл фактіні Қаратал аудандық прокуратурасы анықтаған.

Табиғат қорғау заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті медициналық қалдықтарды зарасыздандыру және жою кезінде ереже талаптары бұзылған, - дейді ведомство.

Медициналық қалдықтар Бастөбе ауылдық округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны маңына тасталған. Бұл жерде Жетісу ғана емес, Алматы облысының да денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қалдықтары төгілген.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, медициналық қалдықтарды полигонда зарасыздандыруға тиым салынған және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (344 бап ҚР ӘҚБтК). Заң талабын бұзғандарды табу үшін Қаратал ауданының полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр, - дейді прокуратура.

Өзгелердің жаңалығы