Жетісу облысында интернационалдық алаяқтар тобы ұсталды

3 Желтоқсан 2024, 10:44
232
Бөлісу:
Жетісу облысында интернационалдық алаяқтар тобы ұсталды
Фото: pixabay.com

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция интернационалдық алаяқтар тобының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 адамнан тұратын топ шетелдік азаматтармен бірлесе отырып, Жетісу облысының жүзден астам тұрғынын алдаған, олар 100 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Қылмыстық ниеттеріне қол жеткізу үшін олар әртүрлі алдау схемалары мен заманауи технологияларды, яғни қашықтан қол жеткізу қолданбаларын (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және т.б. пайдаланған. Топтың өзінің "Қолма-қол ақша шешу орталығы" болған, дропперлерді пайдаланып, қаражатты криптовалютаға аударып отырған, - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасы.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлері бар 3 люкс көлік тәркіленді.

Топтың 4 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін, - делінген ақпаратта.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмауды, басқа тұлғаларға жеке деректерді немесе банк шотының мәліметтерін беруден бас тартуы керектігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы