Жетісу облысында газ таситын көлік аударылып кетті

Жетісу облысындағы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында пропан газы бар газ таситын көлік аударылып кетті деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 Мамыр 2023 2023, 01:21
АВТОР
 ТЖД баспасөз қызметі 10 Мамыр 2023 2023, 01:21
10 Мамыр 2023 2023, 01:21
1338
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Жетісу облысындағы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында пропан газы бар газ таситын көлік аударылып кетті деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖМ Жетісу облысындағы бөлімшелері мен ұйымдар жіберілген.

Автомобиль автокранның көмегімен тұрғызылды. Барлық көтеру процесі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бақылауында болған.

Балпық би ауылы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді. Үйлесімді шаралардың арқасында қаза тапқан және зардап шеккен адам болмады.

Наверх