Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісу облысында екі қабатты монша кешенінен өрт шықты

20 Қаңтар 2025, 04:10
535
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жетісу облысының өрт сөндірушілері Талдықорған қаласындағы екі қабатты монша кешенінің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, дер кезінде қабылданған шаралармен өрт оқшауланды.

ТЖМ күшімен 23 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

ТЖМ күшімен өрт 500 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,- деп атап өтті ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы