Жетісу облысында да көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Бөлісу:
Жетісу облысында да көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Жетісу облысында да көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызметкерлер өңірді абаттандыруға белсенді қатысуда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында құтқарушылардың қатысуымен сенбіліктер өтіп, түрлі тұқымды жас ағаштардың көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар бөлімдердің аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, көгалдандыру деңгейін арттыруға және қоршаған ортаға жайлы жағдай жасауға бағытталған. Қызметкерлер жоғарыда аталған акцияны қолдап, өңір экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосуда.

Өзгелердің жаңалығы