Жетісу облысында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы басталды

30 Сәуір 2023, 19:21
1048
Бөлісу:
Жетісу облысында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы басталды
Фото: Хабар24

Жетісу облысында «Бір ауыл - бір өнім» жобасына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабар24-тің мәліметінше, бұл бастамаға үйінде сиыр сауып, май шайқап отырғандар ғана емес тауар өндіретін кәнігі кәсіпкерлер де қатыса алады. 

Ол үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлік палатасының филиалына барып өтініш жазуы керек. Сол арқылы арнайы комиссия барып, іскер азаматтардың жұмысын саралайды. Халыққа пайдасы бар болса көмек те болады. Мәселен, өнімін сертификаттауға, оқытуға, маркетинг, жоба жасауға жәрдемдеседі. Құқықтық тұрғыда кеңес береді. Өңірде алғаш қолға алынған жобаға қатысуға қазірдің өзінде 50 шақты адам ниет білдірген.

Көрме ұйымдастыру барысында біз жүз шақты жобаны іріктеп алып, соның ішінде экспортқа нарыққа үш төртеуін шығарамыз келеді. Бұл жерде қандай пайда? Ауылда отырған ер азаматтар қыз келіншектер өздерінің кәсіптерін кеңейтуге үйде отырып табыс табуға отбасын асырауға мүмкіндік береді, - дейді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Мадина Бөрібай.

Өзгелердің жаңалығы