Жетісу облысында аудандық сот төрағасы ұсталды

Кеше, 15:12
240
Бөлісу:
Жетісу облысында аудандық сот төрағасы ұсталды
Фото: - архив

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдіктіге қатысты тергеу басталды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды, - делінген Антикордың хабарламасында.

Нұрлан Шәймерденов 2009 жылы Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалып, аталған лауазымды 2021 жылдың қараша айына дейін атқарған. Кейін Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Өзгелердің жаңалығы