Жетісу облысында алты баласы бар келіншекті өлтіріп кетті

Бүгiн, 06:26
797
Бөлісу:
Жетісу облысында алты баласы бар келіншекті өлтіріп кетті
Фото: Артём Чурсинов -архив

Жетісу облысы Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында алты баланың анасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жетісу облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай бойынша іс қозғалып, күдікті ұсталған.

Қазіргі уақытта Ескелді аудандық полиция бөлімі ішімдік ішу кезінде болған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы