Алматыдан 241 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысында Жетісу облысы Панфилов ауданының аумағында Қоңырөлең ауылынан 22 км жерде орналасқан.
Энергетикалық класс - 10.5.
MPV магнитудасы - 4.9.
Эпицентрдің координаттары - 44.47° С. Е. 79.34° ш. б.
Тереңдігі - 25 км.
Ақпарат алынғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, Полиция департаментіне, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға хабарланып, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланды, құрбан болғандар туралы хабарлама түскен жоқ, – деп хабарлады Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: