Жетісу облысында 3 адам қар құрсауынан құтқарылды

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма станциясынан 15 км жерде жеңіл көлік қар құрсауына қалып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Скриншот 20 Қаңтар 2026, 04:27
20 Қаңтар 2026, 04:27
592
Фото: Скриншот

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма станциясынан 15 км жерде жеңіл көлік қар құрсауына қалып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар қызметі 3 адамды құтқарып, Көктұма станциясына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.

Наверх