Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, өңірдегі Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 15 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылысы өртенген.
ТЖМ күштері шаруашылық ғимаратының жануының салдарынан өз бетінше үйден шыға алмаған 3 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер үйден қауіпсіз жерге газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.