«Жетісу» «Каспийден» басым түсті

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-турында тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 Маусым 2023 2023, 22:00
АВТОР
 4 Маусым 2023 2023, 22:00
4 Маусым 2023 2023, 22:00
811

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-турында тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ойында Талдықорғанның «Жетісу» командасы өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдады.

Екі команда да турнир кестесінің ортаңғы бөлігінде келеді. Сондықтан бүгінгі ойында екеуі де жеңіске жетуге күш салатыны анық еді.

Бірінші кезеңде «Каспий» сапынан Рубен Бриджидо 34, Георгий Панцулая 37-минутта мергендік танытты.

Оған талдықорғандық клубтан Асхат Балтабеков 45, Йован Стоянович 81, 90-минутта үш голмен жауап берді.

Осылайша «Жетісу» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді елорда уақытымен 20:00-де «Қайсар» мен «Мақтарал» кездеседі.

Наверх