"Жетісу" футбол клубының спорт директоры сотталды

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 16 Тамыз 2024 2024, 09:27
16 Тамыз 2024 2024, 09:27
740
Фото: скрин

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Наверх