Жетісу фермерлері шығынға батуы мүмкін

11 Қазан 2024, 16:10
357
Бөлісу:
Жетісу фермерлері шығынға батуы мүмкін
Фото: автордан

Жетісуда жыл сайын дихандар жинаған өнімін толық сата алмайды. Оның бір факторы – табиғаттың күрт бұзылуы болса, бірі – тұтынушының жоқтығы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірді аграрлы облыс деп алғанмен, басқа өңірлермен салыстырғанда ауылшаруашылығы саласында өнім көлемі аз. Ауыл шаруашылығында 20 мыңнан астам шаруа қожалықтар бар. Өткен жылы саланы қолдауға 33,8 млрд теңге бюджет қаражаты қарастырылған. Оның ішінде субсидиялар көлемі 27,3 млрд теңге болған.

Үлкен қаржылық инфузияға қарамастан, жергілікті фермерлер ертеңгі күнге сенімді емес. Неліктен ауыл шаруашылығы жоғары қауіпті аймақ саналады. Жыл сайын фермерлер жинаған егін табиғаттың қолайсыз жағдайларынан бұзылып кету қаупі жоғары болады. Оған қоса алдағы уақытта сата алмау да мүмкін. 2023 жылы сұраныстың болмауына байланысты жүгері дақылдары қар астында қалды. Жергілікті билік органдарына өз арсеналдарында дағдарыстан шығу әрекеттерінің әртүрлі хаттамалары болуын ұсынамыз, - дейді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры өкілінің басшысы Әлия Ахмедиева.

Қазір өңір фермерлерінің нарыққа ілінуіне мүмкіндік аз. Көбі мемлекет беретін субцидияның нәтижесінде жан бағып отыр. Шаруаларға берілетін көмек азайса көбі ауылшаруашылығымен айналысудан бас тартады.

Жүгерінің жайы биыл да мәз болмайын деп тұр. Себебі күн салқын, өнім кеуіп үлгермеді. Зауыт қабылдамай отыр. Біз қанша тырысқанымызбен кәсіпорынның өзіндік ережесі бар. Одан аттап кете алмаймыз. Өнімді кептіріп сатып алады. Ылғалдығына байланысты бағасы да өседі. Былтыр әрең дегенде өткізіп, біраз шығынға батып едік. Биыл да қайталануы мүмкін. Содан қорқып отырмын. Келер жылы жүгері екпеймін, - дейді шару иесі Таңжарық Ратайбек.

Өзгелердің жаңалығы