Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды тексерулер жүргізілді

17 Желтоқсан 2022, 17:40
1621
Бөлісу:
Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды тексерулер жүргізілді

Мұздақ-мұздық көлдер мен қар көшкіні қаупі бар учаскелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуеден барлау жұмыстарына Жетісу облысы әкімінің орынбасары А.А. Жақанбаев, Жетісу облысы ТЖД бастығы Б.Ш. Избасаров, "Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалы басшысының м.а. А.С. Сабырбаев және ТЖД ТЖААБ бастығы Р. Т. Тазабеков қатысты. 

Бүгінгі таңда таулы жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 70-тен 150 см-ге дейін. Қар көшкінінің өздігінен түсуі анықталған жоқ. Гидрологиялық жағдайлар тұрақты, мұздақ көлдер қысқы режимде, таулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады.

Жалпы облыс бойынша көшкін қаупі бар 61 учаске және 416 мұздақ көл бар.

Өзгелердің жаңалығы