Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісайдағы өрт: Зәкиева үйде екі отбасы болғанын айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
18 Қараша 2025, 09:41
547
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысы, Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратты. Оның айтуынша, өрт кезінде 9 бала қаза тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі отбасы – ата-аналар мен балалар тұрған үйде өрт шығып, кейін шатыр опырылған.

Зәкиева оқиға орнына өңірлік уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары жөнелтілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта өрттің себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейін ТЖМ таңғы уақытта Түркістан облысы ТЖД-ның “101” бірыңғай байланыс пультіне Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Өрт жалпы 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. 

Президент қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды. 

Өзгелердің жаңалығы