Жетісайдағы білім саласында 4 млрд теңгеден аса қаржы талан-таражға түскен

Түркістан облысының арнайы соты Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкеріне қатысты істі қарады.

 istockphoto.com 22 Шілде 2025 2025, 07:12
22 Шілде 2025 2025, 07:12
778
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының арнайы соты Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкеріне қатысты істі қарады. Олар 2021–2023 жылдар аралығында жалған қызметкерлерге жалақы аудару арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облыстық сотына сілтеме жасап.

Басты айыпталушылар – бөлім басшылары мен бас бухгалтер. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, кейбіріне жазаны өтеуді кейінге қалдыру тәртібі қолданылған. Сонымен қатар, 43 мектептің бухгалтері де қаражат жымқырды деген айыппен жауапқа тартылды. Олардың 34-і 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталды, 12-сі нақты түрмеге қамалды.

Мемлекетке 800 миллион теңге қайтарылған. Қалған шығынды өндіру мәселесі азаматтық сот арқылы шешілмек.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Наверх