Жетісайда кәмелет жасына толмаған қызды көршісі зорлап кеткен

21 Сәуір 2023, 20:01
1299
Бөлісу:
Жетісайда кәмелет жасына толмаған қызды көршісі зорлап кеткен
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп арызданды. 

Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. 

Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында, - деді Түркістан облысының полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Бақтияр Тастанов.

Өзгелердің жаңалығы